01
февраль
2023
" Бала- басты байлығымыз, ал ең асылымыз- оның тәрбиесі"
Қайырлы күн, әріптестер!
Мектеп басшысы үшін дүйсенбі ең маңызды күн. Жаңа апта , жаңа ой, жаңа әрекет.
Қаңтар айында , жоспарға сәйкес, " Бала- басты байлығымыз, ал ең асылымыз- оның тәрбиесі" тақырыбында сынып жетекшілер айлығы, сынып сағаттары, тәрбие- өнеге сағаттары өтіп жатыр.Әр күн ғажайып сый мен шексіз мүмкіндіктерге толы емес пе? Бүгін де таңертең сыныптарды аралап жүріп, шәкірттеріміздің оқуға деген ынтасы мен белсенділігін, ұстаздарымыздың шеберлігін байқадық. Бастауыш сынып мұғалімдері Н. Оспанқұлова, Қ.Әлібек, биология пәні мұғалімі Г . Шындалы, Г Мамахова, география пәні мұғалімі К.Қойбахова апайлардың сабақтарын көрдік.Талантты ұстаздарымызбен дарынды шәкірттеріміз көп болсын. Бүгінгі күнге бәріңізге де сәттілік .


















