16
март
2023
"Наурыз - татулықтың түпқазығы"
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған Отырар ауданындағы білім беру мекемелеріндегі өткізілетін "Қош келдің - әз Наурыз" онкүндік мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 наурыз күні "Наурыз - татулықтың түпқазығы" айдары бойынша "Күлтегін" тақырыбында зияткерлік сайыс болып өтті. Сайысты Д.Өмірбай ұйымдастырды. Үш кезеңнен тұратын сайысқа қатысқан білім алушылар білім бәйгесінде бақ сынап, жеңімпаздар марапатталды. 






