14
октябрь
2022
«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
25 қазан Қазақсатан Республика күні мерекесіне орай. "Ергөбек" негізгі орта мектебінің 9-сынып жетекшісі Жаппарбекова Қырмызының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздерге 30 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында өтті. Оқушылар өз өнерлерін, Рәміздер туралы мәлімметтер бере білді. Көрермен оқушылырға сұрақтар қойылып, жауап берген оқушылар марапатталды.












