20
декабрь
2018
"Тарихи сананы жаңғырту"
05-15.12.2018 жылы "Ергөбек негізгі орта мектеп" КММ тарих-география пәндері бойынша "Тарихи сананы жаңғырту" тақырыбында онкүндік өтті. Онкүндік іс-шара бағдарламасы әзірленіп, іс-шара барысымен таныстырылды. Онкүндікте "Тарихи сананы жаңғырту" тақырыбында газеттер, сөзжұмбақтар, ребустар жасалынды, "Ұлы даланың жеті қыры" атты президент мақаласымен таныстырылды. 8-9 сынып оқушылары арасында "Қазақстан - күллі түркі халықтарының қасиетті "Қара шаңырағы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. "Алтын адам", "Ұлы даланың ұлы есімдері", Ұлы Жібек жолы", "Түркі әлемің бесігі" тақырыбында 5-9 сынып оқушылары шығарма жазды. Пән мұғалімдері ашық сабақтар өтті. Онкүндікті қорытындылау мақсатында"Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік" тақырыбында қорытынды кеш ұйымдастырылды.














