17
ноябрь
2022
"Шығармашылық: қабілет, әуестік”
“Ергөбек негізгі орта мектеп” КММ
“Спорт және өнер” бірлестігінің 07-30 қараша аралығындағы "Шығармашылық: қабілет, әуестік” тақырыбындағы айлық барысында, технология пәнінің мұғалімі Спаева Бақыткүл 17 қараша күні "Киіз үйдің ішкі көрінісі" "Аяққап жасау" тақырыбында 4 - сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Сабақта түрлі әдіс тәсілдер қолданды. Сыныпты киіз үйдің жабдықтарымен жабдықтаған. Аяққаптың жасалу жолымен таныстыру мақсатында бейнеролик көрсетіп, сабақ барысында аяққап жасалды. Оқушылар белсенділік танытып, сабақ жоғарғы дәрежеде өтілді.








