17
ноябрь
2022
«Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс»
Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 14.11.2022 жылғы №11/08-02/450 санды қатынас хатына сәйкес, "Ергөбек" негізгі орта мектебінде «Мектеп, ата-ана, бала арасындағы байланыс» тақырыбында 2022-2023 оқу жылының І тоқсанның қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы жаңа форматта «консилиум» түрінде өткізілді.
Жиналысқа барлық сыныптың ата-аналары қатысты. Ата -аналарға пән мұғалімдері БЖБ, ТЖБ жұмыстарын таныстырды. Сағат 16-00 де ата- аналар келе бастады, мектеп директоры Мадина Әлшериева және әкімшілігі, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдер қаздай тізіле қызмет көрсетті.









