18
ноябрь
2022
"Оқуға құштар мектеп"
Түркістан облысы, Отырар ауданы " Ергөбек" негізгі орта мектебінде Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, сол арқылы тіл байлығын дамытып, азаматтық және рухани- адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға баулу мақсатында мектеп кітапханашысы Байысбаева Жұлдызайдың ұйымдастыруымен "Үздік оқырман" байқауы "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" тақырыбында 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен байқау өтті. Байқау барысында оқушылар мақал айтып жарысты. Жұмбақ шешті, мақалды жалғастырды. Жылдамдық пен тапқырлық танытқан оқушылар үздік деп танылды. 




