1 - қазан Халықаралық қарттар күні
1 - қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Түркістан облысы, Отырар ауданы, "Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагог А.Жанзақова мен тәлімгер Г.Байтасова, "Жас Ұлан" ұйым мүшелерімен ауылымыздағы қарт кісілердің үйіне барып сый- сияпаттарды табыс етіп, ата - әжелеріміздің батасын алып қайтты. "Қарты бар үйдің -қазынасы бар"-, дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя -шынында да, қазыналы, берекелі жанұя қарттарымыз аман болсын.