Іс-шаралар » Страница 25 » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
" Балаларды қорқушылықтан, кибербұзудан, жыныстық қылмыстардан және суицидтен қорғау"
14
февраль
2022
" Балаларды қорқушылықтан, кибербұзудан, жыныстық қылмыстардан және
Түркістан облысы,  Отырар ауданы "Ергөбек" негізгі орта мектебі бойынша " Балаларды қорқушылықтан, кибербұзудан, жыныстық қылмыстардан және суицидтен қорғау" тақырыбында 7-14 ақпан аралығында жоспар  ұйымдастырылды. Жоспар бойынша жұмыстар өткізілді.  Оқушыларға таныстырылды.  "Бойдағы  қорқынышты төрмендету" тақырыбында тренингтер өткізді  мектеп мінезгері Жабатаева Маншүктің ұйымдастыруымен.  Қорқынышты төмендету сабағындағы медитациялық жаттығу барысы.
"Мейірімді жүрек -жылы тілек"
04
февраль
2022
"Мейірімді жүрек -жылы тілек"
2021-2022 оқу жылына жоспарланған тәрбие жоспарына сай, 1- сынып жетекшісі Әлімбек Гүлсара ашық тәрбие сағатын өтті.  "Шаттық шеңбері" жасалып оқушылар жақсы тілек білдірді. Видеоролик көрсетіліп, Жақсы қылсаң да, жамандық қылсаңда өзіңе барады деген ой түйді.  Оқушылар мейірімділік туралы тақпақтар айтты.  Кемпірқосақ әдісі бойынша тапсырмалар орындады, әр түсіндегі ақыл кеңестерді оқыды."Мейірімділік тек жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады".
"Наурызым - мерекем, наурызым - берекем"
16
март
2019
"Наурызым - мерекем, наурызым - берекем"
"Наурызым - мерекем, наурызым - берекем" тақырыбында  мұғалімдер мен кіші қызметкерлердің қатысуымен сенбілік өтті. Тазалық - денсаулық кепілі дегендей тазалыққа көп көңіл бөлінді.  Көгалдандыру, көріктендіру мақсатында көктемгі жеміс ағаштар мен қара талдар, гүл көшеттері егілді. бұрыңғы егілген ағаштарды ақтау жұмыстары жүргізілді.
Салауатты өмір салтын ұстау
25
февраль
2019
Салауатты өмір салтын ұстау
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында "Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің  бірі болып отыр".   Денсаулық - баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние екенін ұқтыру мақсатында "Спорт" үйірме жетекшісі Тиметов Қанатттың  ұйымдастыруымен "Көңілді старт" спорттық сайыс өтті. сайысқа  4- 7  сынып  оқушылары қатысты. Оқушылар  7 кезең бойынша шапшандықтарын көрсетті. Сайыс өз мәресіне жетіп, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсенгір
"Шын жүректен мың алғыс"
24
февраль
2019
"Шын жүректен мың алғыс"
Мемлекет  басшысының идеяларын іске асыру мақсатында  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  "Алғыс айту күніне" арналған  іс-шара жоспарына сай. әлеуметтік педагог Жанзақова Айткүл мен тәлімгер Байтасова Гүлдарханның ұйымдастыруымен  "Шын жүректен мың алғыс" тақырыбында ауылымызға үлгілі бола білген  "Алтын алқа" иегері Тиметова  Ұлбала апаны көктемнің жайма шуақ күнімен қатар келетін мерекемен құттықтап, оқушылар отын суына көмектесіп, ауласын тазалап беріп. Апаның батасын алып қайтты.
"Ағылшын тілін білесінбе ?"
18
февраль
2019
"Ағылшын тілін білесінбе ?"
2018-2019 оқу жылында "Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 ақпан мен 22 ақпан аралығында ағылшын тілі онкүндігі жүруде. Онкүндік аясында қазақ тілінде білім алатын мектеп оқушыларының ағылшын тілін терең білуге, еркін сөйлей алуға және де өз тіліне туған жеріне  құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында 2-4 сынып оқушылар  арасында "Ағылшын тілін білесінбе ?" /Do you know english/ тақырыбында викторин алық сайыс болды. Сайысқа оқушылар жақсы атсалысып, ағылшын тілін
"Қазақ поэзиясының - Хаңтәңірі"
09
февраль
2019
"Қазақ поэзиясының - Хаңтәңірі"
Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай мектебімізде сынып жетекшілер "Қазақ поэзиясының - Хаңтәңірі" тақырыбында сынып сағатын өтті. "АҚИЫҚ АҚЫН - МҰҚАҒАЛИ"  тақырыбында 4-сынып жетекшісі Әлібек Қалзия апайдың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағатын өтті.  Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттады.
"Алтын жүректі анамыз"
04
февраль
2019
"Алтын жүректі анамыз"
"Алтын жүректі анамыз" тақырыбында  өзін-өзі тану пән мұғалімі А.Жанзақова оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысын өтті. Сайыста оқушылар Сара апасына арнаған өлеңдерін жатқа оқыды.
Жат қылықтан аулақ болуға шақырды.
18
январь
2019
Жат қылықтан аулақ болуға шақырды.
Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының  мәжілісінің №1 хаттамасына сай, мектебімізде қыздар жиналысы өтті. мектеп директорының тәрбие орынбасары М.Бейсенгір  баяндама жасап, қыздарымызды жат қылықтан аулақ болуға шақырды. мектеп психологы М.Жабатаева, медбике Ж.Сеңгірбекова, әлеуметтік педагог А.Жанзақова, тәлімгер Г.Байтасова өз пікірлерін білдірді.
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында  қылмыстың алдын алу"
18
январь
2019
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу"
18 қаңтар күні "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында  қылмыстың алдын алу" мақсатында  ұлдар арасында жиын өткізілді. Жиын барысында мектеп директорының тәрбие орынбасары М.Бейсенгір баяндама жасап, оқушылардың кешкі уақытта үлкендерсіз шықпауын, ойын сауық орталықтарына бармауын баса айтып өтті,   және де мектебіміздің үздік оқушысы болған түлегіміз. қазіргі таңда Кеңес Одағының  батыры Сабыр Рахымов  атындағы Шымкент  республикалық  "Жас ұлан"  мектебінің 4 рота 1 взвод ұланы Амит