22
ноябрь
2023
"Зерде" бірлестігі
"Ергөбек негізгі орта мектеп" КММ де "Зерде" бірлестігінің 06 – 30 қараша күндері аралығында өтіліп жатқан мектепішілік айлық барысында, 20 қараша күні математика пәнінің мұғалімі Бабаш Мейрамкүл 7 сынып оқушыларына "Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Мақсаты: Сызықтық функциялардың графиктерінің орналасуы ұғымына берілген есептерді шығарту арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
