"ЖІГІТ СҰЛТАН» байқауы
"ЖІГІТ СҰЛТАН» байқауы Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу мақсатында 6-сынып жетекшісі Өмірбай Динараның ұйымдастыруымен байқау өтті. Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет - ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.