Оқушыларға » Страница 7 » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу
15
март
2023
зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу
Отырар аудандық прокуратурасының 31.01.2023 жылғы №12-23-00108 хатын басшылыққа ала отырып 15.03.2023 жылы мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың  және оларға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу профилактикасы аясында жиналыс өткізіліп аталған мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
«Таза табиғат»
11
март
2023
«Таза табиғат»
Түркістан облысы. Отырар ауданы "Ергөбек " негізгі орта мектебінде   Ұлыстың Ұлы Күні – Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің – әз Наурыз!» атты  онкүндіктің  аясында  «Таза табиғат»  тақырыбында сенбілік өтті.   Оқушылар  мектептің  айналасын  күл – қоқыстан  тазартып,  тал  екті.              Оқушылардың  қоршаған  ортаға,  табиғатқа  деген  сүйіспеншілік  дәріптелді.
"Адал және сатылмайтын еңбек"
26
февраль
2023
"Адал және сатылмайтын еңбек"
"Ергөбек"негізгі орта мектебінің "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының мүшелерінің "Адал және сатылмайтын еңбек" тақырыбында сурет  байқауын өткізді.  Мақсаты: Рухани адамгершілік және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар сақтау және нығайту. Оқушыларға өмірде ата-анаға, досқа  адал бола білуге, баули отырып, әр адамның адал ісімен  адамдығы  көрінетінін  білуге тәрбиелеу. Жетекшісі: Г. Байтасова
"Ботулизм"
18
февраль
2023
"Ботулизм"
"Ергөбек" негізгі орта мектебінде  мектеп медбикесі Сеңгірбекова Жайна "Ботулизм" тақырыбы бойынша 2-9- сынып оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бақылау жұмысы алынды.
"Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру"
14
февраль
2023
"Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру"
"Ергөбек негізгі орта мектеп" КММ де жаратылыстану – математика бағытындағы  пәндер бойынша 01 – 28  ақпан аралығында өтіліп жатқан мектепішілік айлық барысында Бабаш Мейрамкүл 7 сынып оқушыларымен  "Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушылар алгебралық өрнектерді ықшамдауда қысқаша көбейту формулаларын қолдану. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып отырды.
«буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады»
01
февраль
2023
«буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады»
Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді. Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг  тақырыбында 5-9 сынып оқушыларына
" Ергөбек негізгі орта мектеп"
01
февраль
2023
" Ергөбек негізгі орта мектеп"
Түркістан облысы, Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі  Оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде өз білімін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін  " Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5-6 сынып оқушыларын мектеп  директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сенгирбеков Касымхан және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М Бейсеңгір марапаттады.
"Электронды темекі - қауіпті әуестік"
01
февраль
2023
"Электронды темекі - қауіпті әуестік"
"Электронды темекі - қауіпті әуестік"  "Ергөбек" негізгі орта мектебінде  медбике Ж. Сеңгірбекова. 8-9 сынып оқушыларына "Электронды  темекі - қауіпті әуестік" тақырыбында баяндама оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Оқуға құштар мектеп"
30
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп"
"Ергөбек"негізгі орта мектебінде "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2- сынып оқушыларының қатысуымен кітап оқу сәтінен, өздері оқыған кітаптарының мазмұнымен достарына бөлісті. Ең кішкентай оқырмандарына мектеп кітапханашысы Ж.Байысбаева  кітапты көп оқығандары үшін ынталандыру сыйлықтарын берді
"Ергөбек" негізгі орта мектебінің 4 -сынып оқушылары Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты"
12
январь
2023
"Ергөбек" негізгі орта мектебінің 4 -сынып оқушылары Кітаппен өткен
Түркістан облысы. Отырар аудан "Ергөбек" негізгі орта мектебінің 4 -сынып оқушылары Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты"  тақырыбында қысқы демалыста өз отбасында  кітап оқыды,  бір- бірімен ой бөлісті. Оқыған кітаптары туралы сынып жетекшісі Әлібек Қалзиямен пікір алмасты.