17
февраль
2023
«Буллинг пен Кибербулингке жол бермеу»
15.02.2023 жылы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 13.02.2023 жылғы №229-11/01/147 шығыс хатына сәйкес Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық – зомбылық іс- әрекетінің профилактикасы аясында 5-9 сынып оқушылары аралығында жиналыс болып өтті. Жиналысқа Отырар аудандық АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы қатысты.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша мектеп директоры М.Әлшериева мәлімдеме жасады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсенгір
«Буллинг пен Кибербулингке жол бермеу» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Отырар аудандық АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы құқықбұзушылық, әлімжеттік барысында ҚР-ның ӘҚБтК ЮПТ-на қарасты 127, 128, 131, 132, 133, 423-1, 442, 440-2-б, 200, 434 баптарымен таныстырды. Бұл баптарда құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі мезгілде ойын- сауық мекемелерінде болуына жол беру, балаларға тыйым салынған заттарды алуға, сатуға жол беру, заңды өкілсіз тұрғын жайды тыс жерде болуы, алкоголь өнімін өткізу, тарату, сатып алу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау қарастырылған. Жеке – жеке баптарға тоқталып оқушыларды құқықбұзушылық пен әлім - жеттікке жол бермеуге шақырды.




