Конкурс жарияланады » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс жарияланады
05
июнь
2023

Конкурс жарияланады

Конкурс жариялаған органның атауы: «Отырар ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ергөбек негізгі орта мектеп» КММ
 Қажетті маман: Қосымша білім беру педагогі 1 штат.
 Мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы мен орналасқан мекен жайы: «Ерөбек негізгі орта мектеп» КММ Отырар ауданы, Көксарай ауылы, Алатау батыр № 16
 Электрондық адрес: ergobek.84_kz@mail.ru
 Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім: «Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ергөбек негізгі орта мектеп» КММ сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күне жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі). Құжаттар тізбесі білім беру ұйымының электрондық поштасына жолдануы қажет.
 Көрсетілетін қызмет берушіден өтініш қабылдау, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі , жексенбі және мереке күндерін қоспағанда , дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
 Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды. Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді. Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушын) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
 Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның теориясын; жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын, тәрбие беру жұмысының әдістемесін, педагогика ғылымының даму бағыттары; еңбек, туралы заңнамаларының негізін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
 Біліктілікке қойылатын талаптар:
 біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім,
 біліктілігі орта деңгейдегі санатсыз маман: техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта).
 Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып
 Құжаттар тізімі:
 1.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабрландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
 1) осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш:
 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электорндық құжат (сәйкестендіру үшін)
 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса)
 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
 
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
 9) Сотталғандылығы болуы не болмауы туралы анықтама;
 Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірбиесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру , ғылыми/акедемиялық дәрежелер мен атақтар беру ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 
http://otyrar-ergobek.mektebi.kz/

Похожие публикации:

22 октябрь 2022 "Ергөбек"
23 октябрь 2019 Қош келдіңіздер!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив