01
декабрь
2022
"КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА" АКЦИЯСЫ
"КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА" АКЦИЯСЫ
“Кітап - алтын қазына” демекші, Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ергөбек негізгі орта мектебіне демеуші тарапынан кітап сыйға берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы бекітілген болатын. Сол жоба бойынша Ергөбек негізгі орта мектебінің кітапханасына «Кітапханаға-кітап сыйла» акциясы аясында, ауылымыздың тумасы, Отырар ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер «TOLAGAI-2050» ЖШС-ның бас директоры Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлы демеушілік жасап тарихи, көркем әдеби, және тағы басқа тақырыптарды қамтитын жаңа кітаптарды сыйға тартты.




