21
декабрь
2022
“ҚЫЗ- ҚЫЛЫҒЫМЕН СЫМБАТТЫ”
“ҚЫЗ- ҚЫЛЫҒЫМЕН СЫМБАТТЫ”
Әдептілік туралы ұғым қалыптастыру, кішіпейілділік, нәзіктік, инабаттылық жайында қыз балалардың ойын дамыту, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуге, ізгілікке, мәдениеттілікке, үлкенді сыйлауға, кішіге үлгі бола білуге тәрбиелеу мақсатында "Ергөбек" негізгі орта мектебінде 7- 9 сынып қыздарына қыздар жиналысы өткізілді. Қазіргі қыз тәрбиесі тақырыбында өзекті мәселелер талқыланып, ақыл-кеңестер берілді. Қыздар қоғамдық ортада өзін қалай ұстауы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Қыздар өз ойларын ашық ортаға сала отырып, өз сұрақтарына жауап ала білді. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Бейсенгір мен мектеп медбикесі Ж.Сеңгірбекова жыныстық өмірдің ерте басталуы қыз баланың психикасының бұзылуына әсер ететінін, ерте жүктілік және амалсыз аборттың қыз денсаулығына орны толмас зиян келтіретінін және оның одан әрі репродуктивті функциясына кері әсер ететіндігін өмірде болған оқиғалармен, видео роликтер арқылы түсіндіріп айтты.



