04
март
2022
"Ал, қанекей қыздар!"
Қазақ халқының әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа баулу. Сонымен қатар, қыз бала алдында қоғамның, елдің тыныс – тіршілігі барысында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан – жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек -деген бастауыш пәнінің мұғалімі,тәжірибесі мен тағылымы мол ұстаз Ана, 3 "Ә" сынып жетекшісі Эльмира Рысбекқызы Еркінбекова ,осы сайысты керемет ұйымдастырып өткізе білді.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.





