08
февраль
2023
"Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің"
"Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің"
Абай атамыздың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, "Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болсы игі еді" деп айтқандай қайырымдылық қасиетін қастерлеу, дәріптеу мақсатында "Ергөбек" негізгі орта мектебінде "Қайымдырылық жасасаң, қайырымын өзің көресің" тақырыбында 5-9 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында әлеуметтік педагог Жанзақова Айткүл баяндама оқып, видеоролик көрсетілді. Тақырып аясында мұғалімдер мен оқушылар өз ойларын ортаға салды.










