«Оқуға құштар мектеп» » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2023

«Оқуға құштар мектеп»

17 сәуір күні Ергөбек негізгі орта мектебінде, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сол арқылы тіл байлығын дамытып, оқу құзіреттілігін, оқу белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған күнделікті 20минуттық «Оқу сағаты» тұрақты жүргізілуде.  Мектеп директоры Мадина Ермекқызы  мұғалімдер мен қызметкерлер арасында  мектеп кітапханасында «Оқу сағатын» өткізді. Ол өзінің оқыған  Б.Оразымбеттің "Бір ой- бір әлем" және  Қ.Жолдыбайұлының " Кемел адам" атты шығармаларымен бөлісіп, өз ойын ортаға салды.
" Бір тамшы ойда бүкіл әлемдік қор жатыр" деп автордың өзі айтқандай, текті сөздерден тізілген терең ойларды қысқа тұжырымдап,оқырманды афоризмдермен өрілген қанатты сөздерімен,әр адамның бойына имандылық пен инабаттылық қасиеттерін сіңіруіне  рухани азық болатын бай қазына екендігіне тоқталды.  Сонымен қатар, "Кемел адам" туындысындағы , кемел адам дегеніміз: рухани бай, мінезі көркем, білімі терең, айналамен қарым- қатынасы жақсы, дені сау, яғни, тұлғалық дамудың түрлі тетігін көрсете оқырып, оқырманды ' Кемел адам" болуға шақыратын шығарма екендігін атап өтіп, жеке өміріне оң өзгеріс енгізгісі келетін әр бір адамды осы кітаптарды  оқуға шақырды.
Мұғалімдер де өз ойларын ортаға салды.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив