Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру.
Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету мақсатында 5- сынып жетекшісі Өмірбай Динараның ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағатын өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсетті.