26
январь
2024
"Ұлы өнер тапқыштыққа алғашқы қадам"
Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ергөбек" негізгі орта мектебінде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" кешенді жоспарына сай, "Өлкетану" үйірме жетекшілері Е. Көшербаев пен К.Қойбахованың ұйымдастыруымен "Ұлы өнер тапқыштыққа алғашқы қадам" тақырыбында жас зерттеушілердің қатысуымен байқау сабағы өтті. Оқушылар Отырар ауданында өмірге келген белгілі адамдар Әл Фараби мен Әселхан апамыздың шығармаларына зерттеу жасаған. "Ұлы Даланың Ұлы тұлғасы ұлтымыздың мақтанышы - Әбу Насыр Әл -Фараби" тақырыбында 9-сынып оқушысы Жасұзақ Бағлан өз жұмысымен таныстырды.









