"Туған елдің азаматы" » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
декабрь
2022

"Туған елдің азаматы"

"Ергөбек" негізгі орта мектебі бойынша "Туған елдің азаматы» тақырыбында сазгер Көшербаев Еркебаймен  кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің шымылдығын мектеп директоры М. Әлшериева   ашып, тума талант иесі - Е.Көшербаев әндерінің  келешек ұрпаққа берері мол дүние екендігін атап өтті.  Аталмыш шараны кітапханашы Ж.Байысбаеваның  мұрындық болуымен өткізіліп, Әселхан апа мен Ергөбек ақынның  кітаптарынан, шығармашылық ән-жырларынан көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Тағылымы мол шараны кітапханашы Ж.Байысбаева       әдемі жүргізе білді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында өтіліп отырған шара барысында сазгердің шығармашылығын
таныстырып өтті. 
 Жасұзақ Бағланның  орындауында «Ассалаумағалейкум», әні көпшілікті баурап алды.
Одан соң сөз алған Еркебай Көшербаев  өскен ортасы, білім алған мектебі, өлеңге деген құштарлығы мен поэзияға қойылатын талаптар турасында кеңінен әңгімелеп, оқушылардың сауалдарына бүкпесіз жауап берді.
Мектеп директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Бейсенгір Мөлдір  жоғары деңгейде өткендігін атай келіп, мұндай жүздесулер өсіп келе жатқан жастарды отансүйгіштікке, өлеңге деген құрметті  қалыптастыратындығын жеткізді.
Кездесуден мол әсер алған оқушылар ақынмен естелікке суретке түсіп, құрмет көрсетті.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив