01
февраль
2024
"Сайлау бәрімізге ортақ жұмыс"
“Ергөбек” негізгі орта мектебінде 493 Жаңа ауыл сайлау учаскесінің ұйымдастыруымен 8-9 сынып оқушыларына 2024 жылы 29 қаңтар күні Халықаралық сайлау күніне орай "Сайлау бәрімізге ортақ жұмыс" атты тақырыпта түсіндірме жұмысы жүргізілді.
2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі белгіленген.Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдер Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күні болып бекітілген.




