04
сентябрь
2023
Конкурс жарияланады
Конкурс жарияланады
Конкурс жариялаған органның атауы: «Отырар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ергөбек негізгі орта мектеп» КММҚажетті маман: Педагог - ұйымдастырушы 1 штат.
Мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы мен орналасқан мекен жайы: «Ерөбек негізгі орта мектеп» КММ Отырар ауданы, Көксарай ауылы, Алатау батыр № 16
Электрондық адрес: ergobek.84_kz@mail.ru
Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім: «Отырар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ергөбек негізгі орта мектеп» КММ сайтында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күне жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі). Құжаттар тізбесі білім беру ұйымының электрондық поштасына жолдануы қажет.
Көрсетілетін қызмет берушіден өтініш қабылдау, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі , жексенбі және мереке күндерін қоспағанда , дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Лауазымдық міндеттері:Білімберу мекемесінің педагог - ұйымдастырушы төмендегідей қызметтік жауапкершілікті орындайды:
Білім беру мекемесінің оқушыларының қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, жас және психологиялық ерекшеліктерін білу.
Жалпы тұлғалық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру, физикалық (туристтік) қабілеттерін дамытуға көмектесу.
Балалар мен үлкендердің әртүрлі біріккен жұмысын, балалармен және жеткіншектермен жекелеген жұмыс, секциялардың жұмысын ұйымдастыру.
Спорттық - туристтік бағытқа жетекшілік ету.
Ассоциацияларға, әрекеттегі заңнамаға сәйкес қоғамдық ұйымдарға қатысуға бала құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Оқушылардың демалысын, экскурсияны ұйымдастыру, оқушылардың бос уақытын қоғамға қажетті жұмыстармен өткізу.
Мәдени-көпшілік шараларға оқушылардың қатысуын ұйымдастыру, шараның өтуі барысында оқушылардың денсаулығы және өмірін сақтау үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз ету.
Білім беру мекемесінің аймағында және мекемеде тазалық, тәртіп жағдайында жүйелі түрде бақылау жасау
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы» заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның теориясын; жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын, тәрбие беру жұмысының әдістемесін, педагогика ғылымының даму бағыттары; еңбек, туралы заңнамаларының негізін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім,
біліктілігі орта деңгейдегі санатсыз маман: техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта).
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып
Құжаттар тізімі:
1.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабрландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш:
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электорндық құжат (сәйкестендіру үшін)
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса)
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сотталғандылығы болуы не болмауы туралы анықтама;
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірбиесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру , ғылыми/акедемиялық дәрежелер мен атақтар беру ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
http://otyrar-ergobek.mektebi.kz/