28
февраль
2024
“Біз болашақ баламыз, құстарға ұя саламыз“
"Ергөбек негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Біз болашақ баламыз, құстарға ұя саламыз“ атты құстарға жанашырлық көрсету мақсатында акция ұйымдастырылып, ағаштарға ұя жасалынып ілінді. Аталған іс-шарада көркем еңбек пәнінің мұғалімі Есжан Серікбай барша табиғаттағы аң-құстарға қамқорлық, оларды аялап қарау керектігін айтып, оқушылардың жасап келген жұмыстарын көрсетті. Оқушыларда аң-құстарды ерекше жақсы көретіндерін өлең, тақпақтарымен жеткізді. Қамқорлық акциясына мектеп басшылары, көркем еңбек пәнінің мұғалімдері атсалысты.





