“Мектебім - мейірім мекені" » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мектебім - мейірім мекені"
01
сентябрь
2024

“Мектебім - мейірім мекені"

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты “Ергөбек” негізгі орта мектепте 1 қыркүйек білім күніне орай  1- 9 сынып оқушыларының қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын аталып өтті. Алғаш  мектеп табалдырығын аттаған  бүлдіршіндерімізге арнап алғашқы қоңырау үні соғылды. Оқушыларымыз өз өнерін көрсетіп, мектебіміздің директоры Мадины Әлшериева білім алушылар мен ұстаздарды құттықтап өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, жиынға арнайы қонақ болып келген Көксарай ауыл округі әкімінің орынбасары Тасқараев Әділхан, Көксарай ауыл округінің бас маманы Хайыпназарұлы Дархан,зейнеткер ұстаздарымыз Мырзабекова Айсұлу, Өмірбай Клара апайларымыз қатысып, оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, 1 сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етті. Салтанатты іс-шара өз деңгейінде атап өтілді.
Білім күні құтты болсын! Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив