20
февраль
2024
"Ауғанның отты жалыны"
"Ергөбек" негізгі орта мектебінің әлеуметтік педагогы А.Жанзақованың ұйымдастыруымен "Ауғанның отты жалыны" тақырыбында тағылымдық іс-шара болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: жастарға патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағаларымыздың ерліктерін үлгі ету. Отанның, тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің қадірін түсіндіру.
"Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай," Ауған соғысы ардагерімен кездесу болып өтті.
Ауған жерінде оқ пен оттың арасында жүріп, елге аман-есен оралған "Ауған ардагері" Алиев Мұхтар ағамыз естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға тағылымды әңгімелерін ортаға салды.
Кеш қонағына арнап мектебіміздің 6-сынып оқушысы Жолдасбек Ақбөпе әдемі әнін арнады. Әскери қызметке қызығушылығы бар оқушылар сұрақтар қойып, жылы лебіздерін білдірді.
Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлесімізге мың алғыс! Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жылдыған орай самбодан күрес өтті, 7-сынып оқушылары қатысып, жетістікке жеткен оқушылар кеш барысында марапатталды.



