22
октябрь
2022
"Балалар және театр"




Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "Ергөбек" негізгі орта мектебінің 2022-2023 оқу жылындағы тәрбие жоспарына сай "Балалар және театр" жобасы аясында театрлық өнердің тәсілдері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік кейіпкерлердің көркем бейнесін жасай отырып, шығармашылық бағытқа тәрбиелеу мақсатында 3-сынып оқушыларының қатысуымен "Ертегілер еліне саяхат" тақырыбында ертегілер еліне саяхат жасады. Оқушылар "Қызыл телпек", " Шалқан" ертегісі қойылды. Ертегілерден сұрақтарға жауап берілді. Суреттер бойынша ертегі құрастырып айтып берді. Оқушылар арасында шеберлігі, тапқырлығы, ұшқыр ойлылығы жағынан көзге түскен оқушылар марапатталды. Ұйымдастырушы: Н.Нысамамбетова 

