24
ноябрь
2022
"Қыз еркем, кестесімен көркем"
"Ергөбек"негізгі орта мектебінің "Шебер қолдар" қыздар үйірме жетекшісі Спаева Бақыткүлдің ұйымдастыруымен 7-8 сынып қыздарының қатысуымен "Қыз еркем, кестесімен көркем" тақырыбында байқау өтті. "Шебер" тобы мен "Әшекей" тобы қатысып, 6 кезеңнен тұратын байқауда өз өнерлерін көрсетті. 1. Таныстыру. 2. Өз өнері. 3. Сұрақ- жауап, 4.Қамырмен жұмыс.5. Көрме көрсетті. Оқушылар өнерлерін жан-жақты көрсетіп, "Шебер" тобы 1 орынмен марапатталып, сыйлықтар табысталды. 
















