"ҚОШ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕМ!"
"ҚОШ, СҮЙІКТІ ӘЛІППЕМ!" "Ергөбек" негізгі орта мектебінде 1-сынып жетекшісі Оспанқұлова Нұрбану апайдың ұйымдастыруымен әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Оқушылар тақпақтар айтып, өз өнерлерін көрсетті.