24
апрель
2024
«Буллинг», «Нашақорлыққа жол жоқ!»
Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ергөбек” негізгі орта мектебінде Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының 2024 жылғы 12 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасына және Отырар аудандық полиция бөлімінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі №1-1-30-112/1219 хатына сәйкес, 7-9 сынып оқушылары арасында 24.04.2024 жылы кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен олардың арасындағы ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алу, суицид, көшбасшыларды анықтау, қылмыстың алдын алу бағытында іс-шаралар ұйымдастыру, «Буллинг», «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Лудомания», «Жол қозғалысы» ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу және зорлық-зомбылық іс-әрекетінің профилактикасы аясында жиналыс болып өтті.
Жиналысқа Отырар АПБ-ның бірінші орынбасары полиция подполковнигі М. Бурибеков, Отырар АПБ КПБ-ның жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Н. Төлегенов, Отырар АПБ-ның ӘПБ, ЖЖТИТ-ның аға инспектиоры полиция капитаны А. Керімбек, мектеп директоры М. Әлшериева және тәрбие орынбасары мен психолог, сынып жетекшілер қатысты.


