08
февраль
2023
«Электронды темекінің зияны»
Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ергөбек негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие жұмысының іс-шара жоспарына сәйкес, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Бейсенгір, мектептің әлеуметтік педагогы А.Жанзақова, мектептің педагог-психологы М.Жабатаева 6-9 сыныптың оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Электронды темекінің зияны» тақырыбында баяндамалар оқылып, бейне роликтер көрсетілді. Жастар арасында кеңінен таралып,қазіргі таңның өзекті мәселелерінің біріне айналған электронды темекінің зияны жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 




