07
ноябрь
2023
"Жаратылыстану ғажайыптары" атты айлығының ашылу салтанаты
«Ергөбек негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6 қараша күні «Жаратылыстану математика » бағытындағы Зерде бірлестігінің "Жаратылыстану ғажайыптары" атты айлығының ашылу салтанаты болып өтті. Оқушыларды, білім мен өнерді ұштастыра отырып, мектептегі атқарылып жатқан жұмыстарға белсене араласуға шақырды. Шара барысында математика информатика, биология, химия, география, физика пәндеріне байланысты сұрақтар қойылып, оқушылармен және мұғалімдермен жұмыстар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, күнделікті өмірде қолдана білуге, салауатты өмір салтын
ұстануға, табиғатты сүю, оны қорғауға тәрбиелеу. Бүгінгі заман талабына сәйкес заманауи технологияны сабақта қолдана білуге дағдыландыру.
Бірлестік жетекшісі Гулнара Ерсариева айлық жоспарымен таныстырды.
Мектеп директоры Мадина Ермекқызы қорытынды сөз сөйлеп, алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.





