15
декабрь
2023
"Тәуелсіздік - ұлт рухының жемісі."
16 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Көксарай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік - ұлт рухының жемісі." атты кітап көрмесі таныстырылды. Тәуелсіздік жолындағы тарихи маңызды мәліметтер мен деректерге тоқталып, оқырмандарға кеңінен түсіндіріп өтті.Мақсаты; оқырмандарға Тәуелсіздік туралы түсінік беру, егеменді еліміздің толағай табыстарын паш ету, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу. Тәуелсіздікті аңсаған ата-баба аманатына адал болуға, діні мен тілін сүйе білуге үйрету болып табылады. Сейдахмет Нұрсұлтан М. Шахановтың " Желтоқсан алаңы" атты өлеңін мәнерлеп айтып берді. Оқырмандар сұрақтарға жауап берді.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, Егемендігіміз баянды болсын!


