21
декабрь
2023
"Өнерлі ұрпақ - кемел болашақ!"
Түркістан облысы, Отырар ауданы. "Ергөбек" негізгі орта мектебінде "Өнерлі ұрпақ - кемел болашақ!" тақырыбында үйірменің айлық жоспарына сай қызықты деректерге толы "Қызық екен" интеллектуалды сайыс сабағын компьютерлік сауаттылық үйірме жетекшісі Норманова Рабияның ұйымдастыруымен өтті. Сайысқа 9- сынып пен 8- сынып оқушылары ұстаздарымен қатысты. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Қызықты деректермен білімдерін толықтыру. Ұжыммен жұмыс жасауға бейімдеу. Алған білімдерін өмірде кеңінен қолдана білуге тәрбиелеу мақсатында өтілді. Қызықты деректермен бөлісе отырып, сұрақтарға қызықты жауап беріп, оқушылар марапатталды.



