17
январь
2024
«Шығармашылық: қабілет, әуестік»
08 қаңтар күні, Түркістан облысы, Отырар ауданы. "Ергөбек" негізгі орта мектебінде 08-31 қаңтар аралығында өтетін, «Спорт және өнер» пән бірлестігінің «Шығармашылық: қабілет, әуестік» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты болып өтті.
Спорт және өнер айлығының ашылуында ұстаздар мен оқушылар белсене қатысып, іс шараның маңыздылығын арттыра түсті. Мектеп директоры М.Әлшериева «Спорт - денсаулық кепілі», «Білімді мыңды жығады», деген сөздер бекер айтылмаған. Сондықтан әрбір адам тұлғаға айналғысы келсе, спорт пен білімді қатар алып жүруі тиіс. Денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын сақтайтын адам түрлі жамандықтан аулақ болады. Ал, білімді, алғыр тұлға кез келген сәтте дұрыс шешім қабылдап, қателік жасамауға тырысады деп, осы мақсатта мұғалімдер мен оқушыларға сәттілік тіледі.




