"Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу" » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу"
20
январь
2024

"Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу"

"Ергөбек" негізгі орта мектебінің ұйымдастырушы педагог Н.Садуахастың ұйымдастырумен "Буллинг және кибербуллингтің алдын-алу" тақырыбында 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен жиын өтілді.
 мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді  жағдайлардың алдын алу, 
Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату. 
Жиын барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп,ойға шақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды. Сауалнама толтырылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив