23
январь
2024
"Көңіл -күй күйзелістерінің алдын алу"
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет. 15-17-қаңтар аралығында Аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу , ағарту жұмыстары тақырыбында әдістемелік көмек беру, құқықбұзушылық пен зорлық -зомбылықты болдырмау мақсатында мектепке әдістемелік көмек берілді. 4-9сыныптарға, ата -аналарға, мектеп педагогтарына тренингтер жүргізілді. Ата-аналарға "Жастар ресурстық орталығы" КММ психологы: Л. Сейіталиева, "Көңіл -күй күйзелістерінің алдын алу" тақырыбында тренинг өтті. Мектеп педагогтарына білім бөлімінің әдістемелік кабинет психологы: Н. Аханова "Балаға жүрек жылуы "тақырыбында педагогтарға тренинг жүргізді.Сонымен қатар басқа мектеп психологтары түрлі тақырыптарда тренингтер өтті. "Жарқын жастық-баянды болашақ" тақырыбында мектепті бітіріп кеткен түлектеріміз бен 9-сынып оқушыларымен кездесу кеші өтті. "Мен сенемін, жетістікке жетемін" тақырыбында тренинг жүргізілді. Тренинг 9-сынып оқушыларының мамандықты дұрыс таңдауға, сенімділіктерін арттыруға бағытталды.



