21
декабрь
2023
"Өнерлі ұрпақ - кемел болашақ!"
Түркістан облысы, Отырар ауданы. "Ергөбек" негізгі орта мектебінде "Өнерлі ұрпақ - кемел болашақ!" тақырыбында үйірме айлық жоспарына сай "Өлкетану" үйірме жетекшісі Е. Көшербаев "Туған өлкені жырлаймыз!" тақырыбында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгері, зейнеткер ұстаз Омаров Жұмабай ағай мен Тәуелсіздіктің құрдасы Жазушылар одағының мүшесі Сердалиев Нұрғали жас ақынмен кездесу өткізілді.
Шара барысында кештің қонақтарына сөз беріліп, оқушыларға өз өміріндегі жүрек тебірентер сәттерінен сыр шертті. Жұмабай ағай Желтоқсан оқиғасын баяндап берді. Нұрғали ағаларыда өз шығармашылығын айтып, туындыларын оқып берді. Оқушыларға берер тәлім- тәрбиелігі мол шара болып өтілді. Мектеп директоры М.Әлшериева келген қонақтарға алғысын білдірді.
