"БАСТАУЫШЫМ - БАЛБҰЛАҒЫМ" » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БАСТАУЫШЫМ - БАЛБҰЛАҒЫМ"
27
май
2023

"БАСТАУЫШЫМ - БАЛБҰЛАҒЫМ"

"БАСТАУЫШЫМ   - БАЛБҰЛАҒЫМ"
Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Осы мақсатта мектебімізде 4 - сынып оқушыларының бастауыш сыныппен қоштасу кешіне арналған "Бастауышым  - балбұлағым " атты мерекелік кеші болып өтті. 
  Армандасаң да , қиялдасаң  да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейіп, болашаққа қадам басты. Қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына  бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін көрсетіп, көрермен қошеметіне ие болды. 
   Алғаш қолға қалам алдырып, әліппені жаттатқызып, білім нәрімен сусындатқан, 4 жыл бойы өз аналарындай бауырына басып, бірге жүріп, бірге күлген аяулы ұстазы, яғни 4 -сыныптың жетекшісі Әлібек Қалзия апайы.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив