«Жарқын болашаққа - терең тарих, еркін тіл» » "Ергөбек" негізгі орта мектебі
Түркістан облысы
Отырар ауданы білім бөлімінің
"Ергөбек негізгі мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+77763180077
Есепші бөлімі:
+77763180077
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жарқын болашаққа - терең тарих, еркін тіл»
03
февраль
2024

«Жарқын болашаққа - терең тарих, еркін тіл»

1 ақпан күні, Отырар аудандық білім бөліміне қарасты   "Ергөбек" негізгі орта мектебінде 01 - 29 ақпан аралығында өткізілетін қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі, тарих пәндері кірістірлген  «Парасат» әдістемелік бірлестігінің «Жарқын болашаққа - терең тарих, еркін тіл» тақырыбында айлықтың ашылу салтанаты өтті. 
    Салтанатты шараны мектеп директоры Мадина Әлшериева Ермекқызы ашып,  әріптестері мен оқушыларға сәттілік тіледі. Шарада қазақ тілі, ағылшын, орыс тілі, мен көркем сөз өнері жайлы, тарихи мағлұматтар беріліп, оқушылар сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарға жауап беріп, мәнерлеп оқумен қатар өз шығармашылықтарымен бөлісті.
    Айлық барысында ашық сабақтар мен өнегелі тәрбие сағаттары, эссе жазу мен ғылыми жоба қорғау сайыстарына белсене қатысуға шақырды.
  Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!  - дегендей  айлық аясында өз тіліміз бен  өзге тілді, тарихымызды насихаттауға  жоспарланған барлық іс-шараларына белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдамыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив